Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма - Сыртқы істер министрлігі айтты
ҚР Ыстамбұлдағы бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар анықталған жоқ. Ыстамбұлдағы бас консулдық еліміздің азаматтарын сақ болуға және адам көп жиналған жерге көп бармауға шақырды.
13 қараша Ыстамбұлдың басты туристік көшесі – Истиклялда жарылыс болды. Елдің бас прокуратурасы оны террористік акт деп атады.
"Ыстамбұлдағы ҚР бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдарымен және қала әкімдігімен байланыста", – делінген ҚР сыртқы істері министрлігінің ресми хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Ыстамбұлда болған жарылыстан , 81 адам зардап шегіп, 6 адам көз жұмғаны еді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті