Ыстамбұл орталығында жарылыс болып, 6 адам көз жұмды (видео)
Түркияның Ыстамбұл қаласында жарылыс болып, 6 адам көз жұмды. Тағы 81 адам түрлі жарақат алған. Кейін ел билігі жарылысқа қатысы болуы мүмкін әйелді тұтқындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыс 16:20 шамасында қаладағы туристік орталық болып саналатын Истикляль көшесінде болған. Қайғылы оқиғадан соң полицейлер аймақты қоршап, ешкімді өткізбеген.
Кейін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 6 адамға, ал зардап шеккендер 81 адамға жеткенін мәлімдеді.

Көп ұзамай Түркия Ішкі істер министрі Ыстамбұлдағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің ұсталғанын хабарлаған. Журналистердің сөзінше, әйел жарылғыш заты бар пакетті туристік орталыққа тастап кеткен.
Зардап шеккендер мен көз жұмғандар арасында шетел азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр. Ыстамбұлдағы Қазақстанның бас елшілігі елдің құзырлы органдарымен байланыста екенін мәлімдеді.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Джульеттаның кеудесін ұстап, құлпытасты сүйеді: Әлемдегі ең оғаш туристік ырымдар тізімі
Stan.kz редакциясы ерекше жоралғыларға шолу жасады