Ер адам ажырасқан соң 10 жыл бойы мысықтарға алимент төлейтін болды
Фото: istockphoto.com
Ыстамбұлда тұратын ер адам ажырасқаннан кейін бұрынғы әйеліне екі мысықтың күтіміне ақша төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hürriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Газеттің жазуынша, ерлі-зайыпты мінезі үйлеспеген соң екі жылдан кейін ажырасамыз деп шешім қабылдаған.
Ажырасқаннан кейін мысықтар әйелдің қолында қалады. Ал бұрынғы күйеуі олардың шығынына әр үш ай сайын 10 мың түрік лирасын (шамамен 240 доллар) төлеуге міндеттелді. Бұл төлем 10 жыл бойы жалғасады. Сонымен қатар жыл сайын алимент мөлшері инфляция деңгейіне байланысты өседі.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген