Ішкі істер министрі шетелдік көліктердің қалай заңдастырылатынын түсіндірді
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы 300 мыңнан аса көлік шетелде тіркелген. Олардың басым бөлігі Еуразия экономикалық одағына мүше елдерден кіргізілген. Марат Ахметжанов бұл көліктерді заңдастыру екі кезеңнен тұратынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші кезеңде заң жобасына тиісті өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкес алым көлемі 200-250 мың теңге болады. Ал утильдік алымды төлеудің қажеті жоқ.
Заң жобасындағы өзгерістер қабылданған соң ІІМ мамандары заңдастырудың талаптары мен мерзімін жариялайды.
"Екінші кезең, яғни көлікті заңдастыру барынша жеңілдетілген. Өтінішті қашықтықтан, смартфон арқылы беруге болады. Автокөлік қылмыстық және кедендік есеп бойынша тексеріледі. Кедендік тазартудан өтпеген және нөмірі өзгертілген көліктер тіркелмейді", – деді Ахметжанов.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге автокөліктерді әкелудің заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырған еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген