Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі полицейлерді коронавирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар санатына қосуды сұрады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев вакцинаны тегін алуы үшін полиция қызметкерлерін коронавирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар тобына қосуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстанда COVID-19-қа қарсы вакцинаның қажеттілігін қанағаттандыру үшін біз қазірдің өзінде вакцинацияға жататын қауіп тобын анықтадық, олар 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер. Республикада вакцинаны ектіруі керек адамдардың саны 2,8 миллионды құрайды, бұл жалпы халықтың 15 пайызы. Вакцинаның екі рет салынуы керек екенін есерсек, 5,58 миллион доза қажет болады", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында.

Ол денсаулық сақтау министрлігі ресейлік Sputnik V вакцинасын, англиялық-шведтік AstraZeneca компаниясының вакцинасын, қазақстандық вакцинаны және басқаларын сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.



Денсаулық сақтау министрінің баяндамасына қатысты ішкі істер мнистрі Ерлан Тұрғымбаев Цойға өтініш айтты.

"Қосымша полиция қызметкерлерін қосуға бола ма? Олар да коронавирус жұқтыру қаупі жоғарғы қызметкерлер қатарына жатады. Дәрігерлер секілді, полицейлер де үнемі қызмет басында, олар қашықтан жұмыс жасап жатқан жоқ. Үнемі медициналық мекемелермен тікелей жұмыс жасады", - деп сұрады Тұрғымбаев Цойдан.

Талқылау