Елордалық полицей екі баласымен далада қалған әйелдің пәтерақысын төлеп берді

Елордадағы аудандардың бірінде учаскелік полиция инспекторы болып істейтін капитан Талғат Исатаев екі кішкентай баласы бар әйелге қол ұшын созды. Талғат Исатаев келіншектің пәтер ақысын төлеп, күйеуінің ішкіліктен айығуына көмектескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

полиция

Нұр-сұлтан қалалық полиция департаменті капитан Талғат Исатаевтың атына 28 жастағы қала тұрғыны алғыс хат жолдағаны туралы хабарлады. Белгілі болғандай, жанжалдан соң күйеуі әйелін үйден қуып жіберген екен. Келіншек екі баласымен далада қалған, оның бірі - төрт айлық сәби.

Әйелдің қалада туыстары мен таныстары болмапты, сондықтан учаскелік инспектордың көмегіне жүгінген. Талғат Исатаев өз ақшасына қонақүй бөлмесін жалға алып, балаларымен жайғастырған. Содан кейін Талғат Исатаев оның күйеуімен профилактикалық әңгіме өткізген көрінеді.

Учаскелік полиция инспекторының талабы бойынша 32 жастағы ер адам алкогольге тәуелділіктен айығып, жұмысқа орналасыпты. Қазір отбасы бірге тұрады және уақытында көрсеткен көмегі үшін полицейге алғыс білдіреді.

Талғат Исатаев - Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің № 27 полиция пункті бойынша жауапты учаскелік полиция қызметкері. Ішкі істер органдарында Талғат Исатаев 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр