Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирина Дубцова қазақстандық футболшымен көңіл қосты

Ресей әншісі Ирина Дубцова кезекті дамалысын сүйіктісімен бірге Түркияда өткізді. Әнші өзінің 36 жасқа толған туған күнін қазақстандық «Ақ Жайық» құрамасының футболшысы Адеринсола Хабиб Эсеолумен бірге қарсы алды.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасында ойын көрсететін 26 жастағы футболшы мен әншінің бірге демалып жүрген кезде түскен суреттері Иринаның жеке парақшасында жарияланды. Әнші жаңа сүйіктімен уақытын қызықты өткізген. Бірақ 36 жастағы әнші сүйіктісі туралы ешкімнің білмегенін қалады ма, әйтеуір суреттерде жігітінің бетін көрсетпеген.

Әнші Белектің Regnum Carya Golf & Spa Resort бес жұлдызды қонақ үйінде тоқтаған. Ирина Дубцова мен қазақстандық футболшының осы қонақ үйде бірге көңіл көтерген.

Айта кетейік, «Ақ Жайық» құрамасының футболшысы Адеринсола биылғы жылдың қаңтарынан бері Түркияда. Ол осы мемлекеттегі іріктеуге келген болатын.

Жіберіп алмаңыз: 

Беларусь жерінде қазақ батырын еске алуға арналған жеңіл атлетикадан турнир өтті

Қырғызстанда әріптестерінің келгенін күткен хирург 8 сағат бойы науқастың жарақатын басып тұрған

Қырғызстан Қарағандыда балалар киімінен табылған уға қатысты мәлімдеме жасады

Үндістанда ер адам үйлену тойына әкелінген сыйлықтың кесірінен көз жұмды

Талқылау