Ирандағы ұшақ апатының құлауына негізгі себеп ретінде терактты қарастыру ұсынылды
Тегерандағы ұшақ апатына себеп болған жағдай ретінде зымыранның тиюі немесе теракт қарастырылуы шарт. Бұл туралы ресейлік сарапшы Вадим Лукашевич мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшының сөзінше, қазіргі кездегі Иран мен АҚШ арасындағы кикілжің кезінде украиндық ұшақтың құлауы жай емес. Бұған қоса ол Иранның АҚШ базасына зымырандық шабуылын тілге тиек етіпті.
"Сол себепті теракт немесе ұшаққа зымыран ату басты назарға алынуы қажет", - дейді Вадим Лукашевич.
Бүгінгі күні ұшақтың құлауына себеп болған жағдай қозғалтқыштың жануы көрінеді. Дегенмен Лукашевич бұл себеп емес, оқиғаның салдары дейді.
"Видеода егер ол жалған болмаса, ұшақтың 25 градусқа еңкейіп құлап келе жатқандығы байқалады. Сонымен қатар оның қозғалтқышы осы сәтте отқа оранған, яғни ұшақтың тізгінін қолға ұстау мүмкін емес болған",- деп қосты ресейлік сарапшы.
Сарапшы Иран басшылығын да сынға алды. Айтуынша, Вашингтонмен болған кикілжің кезінде мемлекет өздерінің әуе кеңістігін жаппаған. Тегеранның әуе қауіпсіздігін ескермеуі нағыз қылмыс деді Вадим Лукашевич.