Иран соққыдан кейін де уран байытуды тоқтатпайтынын мәлімдеді

Фото: Deccan Herald's official X account
Иранның Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі АҚШ-тың Натанз және Фордо қалаларындағы зауыттарға жасаған шабуылына қарамастан, елдің уран байыту бағдарламасы тоқтатылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Reuters агенттігі келтірген мәлімдемеде Иран "елдің өндірістік дамуы" тоқтамайды деп нақты айтылған. Бұл тұста ядролық инфрақұрылым меңзеліп отыр.
“АҚШ-тың әрекеттерін халықаралық құқық пен Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың өрескел бұзылуы деп атаймыз. МАҒАТЭ ұйымын үнсіздік пен әрекетсіздік танытты деп айыптаймыз”, – деді Агенттік.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарына соққы жасағанын мәлімдеген еді.
"Иранның үш ядролық нысанына сәтті соққы жасадық, олардың қатарында Фордо, Натанзу мен Исфахан бар. Толыққанды соққы басты нысан – Фордоға жасалды. Беделді америкалық сарбаздарымызды құттықтаймын. Әлемде мұны істей алатын әскер жоқ", – деп жазды ол.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен