Иран Пәкістан территориясына әуе шабуылын жасады
Иран Пәкістандағы суннит содырларына соққы жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ZUMA Press
Пәкістан сыртқы істер министрлігі әуе соққысынан екі бала қаза тауып, үш бала жараланғанын мәлімдеді.
Пәкістан билігі Тегеранның Исламабадтағы бас дипломатын "әуе кеңістігін себепсіз бұзғанына" наразылық білдіру үшін шақырды.
Министрлік шабуыл туралы қосымша мәлімет бермеді. Бірақ Пәкістанның әлеуметтік желілерінде зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар екі ел арасындағы 1000 шақырымдық шекарада орналасқан Белуджистан провинциясы нысанаға алынғанын хабарлады.
Иран соққы сүнниттердің "Джейш әл-Адл" содырларының базасына бағытталғанын хабарлағанымен, ирандық БАҚ-та шабуыл туралы ақпарат лезде жоғалып кетті.
Бұған дейін Иран АҚШ-тың Ирактағы елшілігіне шабуыл жасады.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар