Иран Ормуз бұғазының толықтай ашылғанын мәлімдеді

Иран атысты тоқтату кезеңі аяқталғанға дейін Ормуз бұғазын барлық коммерциялық кемелер үшін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді.
"Ливандағы атысты тоқтату режиміне сәйкес, Ормуз бұғазы барлық коммерциялық кемелер үшін бітімнің қалған мерзімі бойынша толық ашық деп жарияланады", — делінген министрдің X әлеуметтік желісіндегі жазбасында.
Аракчидің айтуынша, кемелер бұған дейін Иранның порттар және теңіз кеме қатынасы ұйымы бекіткен "келісілген бағыт" бойынша жүре алады.
Айта кетейік, 17 сәуір күні Ливан мен Израиль 10 күнге атысты тоқтату туралы кесілімге келді.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталғаны туралы жазған едік. Исламабадта 21 сағатқа созылған талқылаулар нәтижесінде тараптар бейбіт келісімге келе алмады, ал Ормуз бұғазы мен ядролық бағдарлама басты даулы мәселеге айналды. Осы оқиғадан кейін АҚШ Иран порттарына қарсы блокада енгізуді бастады.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?
Бірнеше жол апаты, құқық бұзушылық пен өлімге әкелген оқиғалар әр жолы жеңіл жазамен аяқталған
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Оқыңыз