Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Instagram-да пайдаланушылар енді жасын көрсетуге міндетті

Instagram әлеуметтік желісінде енді пайдаланушылар жастарын көрсететін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Facebook компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

инстаграм

Instagram-да жаңа функция қосымша мүмкіндіктерді іске қосу және әртүрлі контентті көрсету үшін енгізілді. Бұл сондай-ақ бұрын туған күнін көрсетпеген адамдарға қатысты болады. Енді әлеуметтік желілерде пайдаланушылардан желіге бірінші рет кірген кезде немесе әсерлі болуы мүмкін контентті көрсету кезінде хабарлама келеді.

"Біз жастар үшін қауіпсіз әрі жеке кеңістік құруды мақсат етіп отырмыз. Ол үшін біз Instagram қолданушыларың қанша жаста екенін білуіміз керек, сондықтан пайдаланушылардан туған күн датасын бізбен бөлісуді сұрап отырмыз", – делінген компания хабарламасында.


Ғалымдар қарындағы майды кетіретін сусынды атады 


Егер пайдаланушылар туған күнін белгілі бір уақытқа дейін белгілемесе, Instagram әлеуметтік желіні пайдалануды шектейді.
Instagram жасты өтірік көрсету сияқты мәселелерді шешудің жаңа жүйелерін жасап жатқанын атап өтті.

"Жақында хабарлағанымыздай, біз "Туған күніңмен" деген сияқты хабарламалар негізінде адамдардың жасын бағалау үшін жасанды интеллект қолданамыз. Болашақта, егер қолданушылардың бірі бізге жасы үлкен екенін хабарласа, біздің технологиямыз олай емес екенін анықтаса, қолданушыға олардың жасын растау үшін бірнеше нұсқаны ұсынамыз",  – деді Instagram-да.

 

Талқылау