Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Інісін құтқару үшін: 12 жасар қыз күніне 3 келі кеспе жеуге мәжбүр

Қытайдың Хэнань провинциясында 12 жасар қыз күн сайын үш келі кеспе жейді. Ол науқас інісін құтқару үшін осылай жасауға мәжбүр. 

Інісін құтқару үшін: 12 жасар қыз күніне 3 келі кеспе жеуге мәжбүр

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2017 жылы Чжан Синьсиньнің інісінің Альберс-Шенберг дертіне шалдыққаны анықталған. Бұл тұқымқуалайтын ауру сүйектердің сынғыштығына және сүйек кемігінің қан жасауының жеткіліксіздігіне алып келеді. Ата-анасы балаларына күтім көрсету үшін жұмысын тастауға мәжбүр болған. Әкесі нәпақа табу үшін аурухананың маңында жұмыс істейді. Ал Чжан Синьсинь күн сайын таңғы бесте тұрып, орман жаңғағын жинау үшін тауға барады. Артынша ол жаңғақтарды сатады. Осыған қарамастан отбасы кедей өмір сүруде.

Альберс-Шенберг дертін емдеу үшін сүйек кемігінің трансплантациясы қолданылады. Қан талдауы Чжан Синьсиньнің донор бола алатынын көрсеткен.

Алайда оның салмағы 40 келі ғана болғандықтан, донор болуға рұқсат берілмеген. Анықталғандай, процедураға салмағы 50 келіге жетпейтін донорлар жіберілмейді. 

Осыдан кейін Чжан Синьсинь қайтсе де 10 келі салмақ қосуды ұйғарады. Ол үшін қыз күн сайын көкөніс қосылған үш келі кеспе жеген.

Қазіргі уақытта оның салмағы 50 келіге жақындап қалған. Алайда қаржы мәселесі тағы бір қиындық тудырып тұр. Сүйек кемігі трансплантациясы жасалуы үшін, науқас баланың отбасына 430 мың юань (23 млн теңгеден аса) қажет. Әзірге олар мұндай қаражатты жинай алмаған.

STAN.KZ
Жұма, 15 Қараша, 2019 15:29
Талқылау