Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индира Расылхан өзін “маймылға” теңеген әйелді орнына қойды

Әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазатындар саны күн санап артып барады. Өкінішке қарай, әдептен озып, шектен шығып инста-оқырмандары аз емес. Солардың бірі әнші Индира Расылханның шамына тиді, деп хабарлайды Stan.kz.

Динара Сәулембаева есімді желі оқырманы Индираның келісті суретіне: “Маймыл”, – деп пікір қалдырған. Шыдамның да шегі бар деген әнші, бұл жолы желіде ойына келгенін жазатындарға жауап берді.

“Әлеуметтік желі бізге не үшін қажет деп ойлайсыздар? Танымалдылықты арттыру үшін бе? Әлде өзімізді өзіміз жерге ұру үшін бе? Әлде жақсы әсерлі суреттерді көріп, өзімізді солардай болуға тәрбиелеп, дұрыс өмір сүруге талпыну үшін бе?  Әлде осындай санасыз пікірлерді жазу үшін бе?

Менің қалай өмір сүріп жүргенім Аллаға және өзіме аян. Маймыл болатындай және де осындай пікір жазатындай қай жерде шалыс басыппыз?

Бірақ мынау шектен шыққандық деп есептеймін. Келешек ұрпақ тәрбиесі не болмақ? Бала тәрбиесімен үйде отырған Аналар, сіздер өмірден қалып қойған жоқсыздар, сіздер ұрпақ тәрбиелеп отырсыздар! Ол үлкен жауапкершілік! Ол үлкен бақыт!

Жақсы сөз жарым ырыс деп айтады атам Қазақ! Сіздер жақсы сөз жазсаңыздар, біз сонымен көгермейміз бе… Өспейміз бе? Біз сіздерге шабыттанып жақсы әндерімізді ұсынбаймыз ба?! Бірақ біз сіздердің алдарыңызға сайқы-мазақ болып көрініп жүрген жоқпыз ағайын!
Біз өнерімізді қалай болса да, өз шамамызбен сіздерге жеткізсек деп жүрген жандармыз.
Өнер адамдары үнемі ізденісте жүреді, солай өмірден өтеді де. Еліме қайтсем жағамын?
Кейде шыдай алмай кетемін. Ашық ойым үшін кешірерсіздер!” – дейді Индира Расылхан.

Жіберіп алмаңыз:

 

Талқылау