Илон Маск жер бетінде ақ нәсілділердің жойылып бара жатқанын мәлімдеді
Фото: Reuters
АҚШ-тық миллиардер Илон Маск X әлеуметтік желісінде жер шарында ақ нәсілділердің азайып келе жатқанын және жақын арада азшылыққа айналатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маск жер бетіндегі ақ нәсілділердің саны азайып келе жатқаны туралы бірнеше ақпаратты бөлісті. Сол жазбалардың бірінде “ақ нәсілділер жойылып кету шегінде тұрғаны” айтылған.
Wall Street Apes жобасының мәліметінше, ақ нәсілділердің әлемдегі жалпы саны: 100 жыл бұрын шамамен 35%-ды, 50 жыл бұрын шамамен 20%-ды, 25 жыл бұрын 15%-ты, ал қазір тек 8%-ды құрайды.
“Ақ нәсілділер – азшылық, және олар өз елдерін қайта алуы тиіс”, – делінген жазбада.
Илон Маск бұл жазбаны өз парақшасында бөлісіп:
“Егер бүгінгі тенденциялар сақталса, ақ нәсілділер әлемдегі халықтар арасындағы азшылық болып қана қоймай, мүлде жойылып кеткен түрге айналады”, – деген пікір білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін Илон Маск ішінде Қазақстан да көрсетілген әлем елдеріндегі туу көрсеткіштері картасын жариялаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген