Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады
Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібековтің Telegram-арнасында жарияланды.
Илон Маск не осы жылдың соңында, не келесі жылы Қазақстанда Tesla Motors сервисі ашылатынын хабарлады.
"АҚШ-тағы тілшіміз Әнуарбек Иманбаев (Tesla-ның энтузиасті) бізге Tesla Plaid презентациясынан видео жіберді. Илон Маск оған Tesla Motors сервисі Қазақстанда осы жылдың соңында немесе келесі жылы пайда болады деп жауап берді", – деп жазды Бейбіт Әлібеков.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр