Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск жаңа қала салып жатқанын айтты

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск қазір Техаста жаңа қала құрып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Мен Техаста Старбэйз қаласын (Starbase) құрдым", - деп жазды Twitter-дегі парақшасында ол.

Кәсіпкер жаңа қаланың алаңы SpaceX ғарыш айлағы орналасқан Бока-Чика ауылынан едәуір үлкен болатынын айтты. Сонымен қатар, Маск қалада иттерге "өте жақсы" қарайтынын және оның жетекшісі "дож" атағын алатынын атап өтті.

Былтыр желтоқсан айында Маск Калифорниядан Техасқа көшті. Миллиардер Техаста жаңа Tesla зауыты салынып жатқанын түсіндіріп, Калифорния билігінің кәсіпкерлерге қатысты саясатын сынға алды.

Масктың айтуынша, бұрын да авиация компаниялары, басқалар сияқты, өз қызметін Калифорниядан басқа штаттарға ауыстырған.

Техас штатының астанасы Остин қаласында Tesla бөлімшелері және оның Boring Company стартаптары орналасқан, ал SpaceX нысаны Бока-Чика жағалауындағы ауылда орналасқан. Көшкенге дейін Лос-Анджелес кәсіпкердің негізгі тұрғылықты жері болып саналды.

Маск Калифорниядағы табыс салығының көптігіне байланысты көшу туралы шешім қабылдаған болуы мүмкін, ал Техасқа көшу миллиардтаған доллар үнемдеуге мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр