Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты шаршадым": Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші жары көз жасына ерік берді

Блогерлер Айтуған мен Ерке, Ильнура
Фото: Instagram.com/erkewoka / ilnuranuranbekova

Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші жары Ильнура Ғалымова жан сырын ақтарды. Ол көпшілікке үнемі көңілді әрі мықты болып көрінгенімен, кейінгі уақытта ауыр ойлар мен алаңдаушылықтың ортасында жүргенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ильнура түнгі уақытта ұйықтай алмай, ішіндегі жағдайын оқырмандарымен бөлісуге шешім қабылдағанын айтты.

“Қазір түнгі сағат 02:30. Балаларымды ұйықтатып болдым, бірақ өзім ұйықтай алмай жатырмын. Себебі көптеген ой іштен жеп барады. Сіздерге өзімді үнемі мықты етіп көрсетіп, көңілді жүргеніммен, оның артында қаншама қиындық бар. Сынаққа көніп жатырмын. Осыған да, басқасына да шүкір деймін. Өміріме келіп-кеткен адамдарға да ризамын. Бірақ шынымен қатты шаршадым. Көбіне мазасыз күйде жүремін”, – деді ол.

Оның айтуынша, қызына диагноз қойылған және денсаулығы кез келген уақытта сыр беруі мүмкін. Әсіресе баласының құрысу ұстамасын көру анаға ауыр тиетінін жеткізді.

“Біреу білсе, біреу білмес, қызыма диагноз қойылған. Ол кез келген уақытта ауырып қалуы мүмкін. Мұны көру маған өте ауыр. Мені ерекше баласы бар аналар түсінетін шығар. Кейінгі рет құрысу ұстамасы болған кезде қатты қиналдым. Өзімді қоярға жер таппай, не істерімді білмей қалдым”, – деді Ильнура Ғалымова.

Қазір оның қызы ауруханада күтушісімен бірге жатыр. Ал Ильнура баласының жанында өзі бола алмағаны үшін өзін кінәлі сезінетінін жасырмады.

“Қазір қызым күтушісімен ауруханада жатыр. Ал мен оның қасында бола алмай отырғаным үшін өзімді кінәлаймын. Барған сайын мені қимай шығарып салады. “Қалшы” дегендей болады. Осы ойлар мені іштен жеп барады. Басқа балаларыма да дұрыс көңіл бөле алмаймын, ауруханадағы қызымның жанында да жата алмаймын. Өйткені оларды асырау үшін жұмыс істеуім керек. Бәрін қатар алып жүру маған қиын болып жатыр”, – деп жазды ол.

 

Еске салайық, бұған дейін Erkewoka лақап атымен танылған Әсем әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу және ұзату тойынан кадрлар жариялап, тұрмысқа шыққанын хабарлаған еді. Кейін желі қолданушылары оның таңдауы әйелі және үш баласы бар блогер Айтуған Ғалымов екенін анықтап, бұл жаңалық қызу талқыға түсті.

Көп ұзамай Айтуған Ғалымовтың өзі де екінші рет үйленгенін жасырмай, екі отбасы бар екенін ашық мәлімдеді.

“Иә, менің екі отбасым бар. 15 миллион теңге қарызым бар. Аллаға шүкір. Кім не десе де, мен Алламен шыншылмын. Қандай болсаң да, адамға бәрібір жақпайсың”, – деп жазған еді блогер.

Артынша ол екінші жар алу туралы шешімін исламда бұған рұқсат етілгенімен түсіндірді. Ал Айтуғанның бірінші жары Ильнура Ғалымова кейін Әсеммен бірге түскен видеосын парақшасында жариялап, көп ұзамай өшіріп тастаған.

Ал жақында Әсем өзінің жүкті екенін де жариялады.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек, 2026 19:45