iHerb, Apple, YouTube және Instagram Қазақстанға қанша салық төлегені белгілі болды
Қазақстан бюджетіне үш жылда iHerb, Apple, YouTube, Instagram және басқа да халықаралық компаниялар 58 миллиард кіріс әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2022 жылы халықаралық компаниялардан келген жалпы кіріс көлемі – 10 млрд теңге, 2023 жылы – 24 млрд теңге. Биылғы 9 айда бюджетке 23 миллиард теңге аударылды.
Ең көп табыс iHerb компаниясынан түскен, яғни – 11 млрд теңге. Ал Apple-ден 9,4 млрд теңге, Google-дан 9,3 млрд теңге келді.
Temu компаниясы ел бюджетіне 760 миллион теңгеден астам қаржы аударды.
"Заң жобасын қарау барысында салықтық міндеттемелерін орындамаған салық төлеушілердің интернет-ресурстарына шектеу қойылмақ. Яғни, біздің жеке тұлғалар олардың сайттарына кіре алмайды", – деді мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық активтерді басқару басқармасының басшысы Талғат Нұрашұлы.
Еске салсақ, бұған дейін Pinduoduo Қазақстанға тауарлар жеткізуді тоқтатқаны айтылды.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан