Pinduoduo Қазақстанға тауарлар жеткізуді тоқтатты
"Қазпошта" қызметі Pinduoduo желісінің тауарларды Қазақстанға уақытша жеткізбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір маркетплейс жүйесінде техникалық жұмыстар мен жаңартулар жүргізіліп жатыр.
"Pinduoduo барлық ресми онлайн тасымалдаушыларды 19 қазаннан бастап техникалық жетілдірулерге байланысты уақытша тоқтатты. Өкінішке қарай, жұмысты қалпына келтірудің нақты мерзімдерін атай алмаймыз", – делінген хабарламада.
Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі. 2015 жылы құрылған, штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан