Соңғы жаңалықтар

"Иесіз қала сияқты": Тоқаев елорда туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы құрылысы мәселелер жөніндегі кеңесте қаланың бірқатар аудандарындағы тұрғын үйлердің құрылысы туралы сөз қозғады. Ол қала құрылысы бойынша бірыңғай саясаттың жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі

Өз сөзінде мемлекет басшысы шаһарда қала құрылысы бойынша бірыңғай саясаттың болмауы бірқатар аудандағы ретсіз, бейберекет құрылысқа алып келеді. 

«Көшелер мен ғимараттардың көркемделуінде бірыңғай үйлесімді стиль жоқ. Сіздер елорданы көру үшін арнайы келетін туристерді пікірін естіген боларсыздар. Жалпы алғанда, әрине, пікірлер жақсы. Алайда қалада эклетика бары айтылуда», - дейді Тоқаев.

Сонымен қатар президент мұндай құрылыста жайлылық жоқ екенін атап өтті. 

«Бір ғимарат бір стильде, келесісі басқа стильде салынған. Және ең бастысы – жайлылық жоқ. Асфальт жарылып кеткен, желек аз. Жалпы, қаланы күтіп қарайтындай тәрізді сезім жоқ. Иесіз қала сияқты», - дейді мемлекет басшысы. 

Тағы оқыңыз >>> Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі

Сонымен қатар Тоқаев бұл туралы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да айтқанын еске салды. Ол қаланың ахуалын аудан әкімдері қадағалауы тиіс екенін айтты. 

«Сәулетті ғимарат алыстан жақсы көрінеді. Ал жақын келіп қарасаң, «күтілмегені» байқалып қалады. Ие керек. Бәрінен бұрын, аудан әкімдері ие болуы керек. Олар кабинетінде отырмай, жаяу жүріп, тұрғындарды, әр ғимараттың тіршілігін, сол ғимаратта тұрып жатқан адамдардың өмірін білуі керек.

Кабинетте кешке, сағат 6-7-ден кейін тиісті құжаттарға қол қою үшін отыруға болады. Әзірге кеш емес. Мен қала көшелері мен ғимараттарының көркемделуінің бірыңғай дизайн-кодын дайындауды талап етемін», - деді президент.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ешқашан жүрегім ауырды деп айтқан емес": Дулат Ағаділдің денесі жер қойнына тапсырылды

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу сәті бүкіл халыққа ауыр тиді

"Жүк көлігінің алдынан шықты": Басқа жүргізушілерге көмектеспек болған көлік жүргізушісін қағып кетті

Оқиға қаладағы қолайсыз ауа-райы себеп болған

Тоқаев коронавирус мәселесіне алаңдаушылық білдірді

Президент бірқатар тапсырмалар бергендігін жеткізді

СҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген әйел күйеуінен жүктілігін жасырған

Әйел өзінің жүктілігін мұқият жасырған

Үкімді түсінбедік деп апелляцияға берген: Алматы облысында айуандықпен өлтірілген косметолог ісі қайта қаралды

Айыпталушылар орысша үкімді түсінбегендіктен, сот шешімі күшін жойыпты

Ақтөбе облысында 12 адам қар құрсауында қалып қойған

Жолаушылар трассада 5 сағаттан астам уақыт болған

Мүгедек баласы бар көп балалы ана баспанасыз қалуы мүмкін

Балалар үйінде өскен әйелден үй иелері пәтерді келесі айда босатуын сұраған

Шымкенттік мұғалім сабақ уақытында не себепті оқушыны ұрғанын түсіндірді

Белгілі болғандай, оқиға Шымкент қаласының №83-ші мектебінде болған.

Атырау тұрғындарын қауіпсіздік формасын киген дәрігерлер шошытты (видео)

ШҚО-да 35 оқушы отырған автобус апатқа ұшырады

 Шығыс Қазақстан облысында ауыр жүк көлігі мен мектеп оқушыларына лық толған жолаушылар автобусы бетпе-бет соқтығысты.
Çàãðóçêà...