Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Бельгияны ірі есеппен ұтты
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы төртінші матчында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Icehockey.kz
Андорраның Канильо қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бельгияны ойсырата ұтты. ІІ дивизиондағы әлем біріншілігінің А тобында өнер көрсетіп жатқан құрамамыз қарсыластар қақпасына 9 шайба салып, өз қақпаларына 2 шайба жіберіп алды. Құрама сапында Лариса Свиридова, Дильназ Саяхатқызы, Екатерина Куценко, Малика Алдабергенова (дубль), Анна Пяткова, Карина Фельзинк, Перенеш Әшімова) және Александра Шегай көзге түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы кездесуін 13 сәуір күні Испания құрамасына қарсы өткізеді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

