"Химиялық зат төгілген": Алматыда Қарғалы өзеніндегі судың жасыл түсі жұртты шошытты (Видео)
Фото: Видео кадрларынан скрин
Алматыда Қарғалы өзенінің арнасында, Жандосов көшесі мен Абай даңғылы арасындағы бөлігінде судың түсі күтпеген жерден жасыл түске өзгеріп, тұрғындарды шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұған көпірлердің біріне химиялық заттың төгілуі себеп болуы мүмкін.
Әкімдіктің хабарлауынша, 5 тамызға барлық жауапты мекемелер, экология басқармасы, Наурызбай ауданы әкімдігі, экология департаменті және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының қатысуымен кешенді шаралар өткізу жоспарланған. Сол арқылы ластану көзі мен кінәлілер анықталады.
-
"12-сі денсаулыққа қауіпті": Мамандар Атырау облысындағы бассейндерге шомылмауға кеңес берді
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”