Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Хаттаманы бұзды”: Ресейлік саясаткер Тоқаевтың Путинге қазақша сөйлеуіне қатысты пікір білдірді

Белгілі ресейлік саясаттанушы Аркадий Дубнов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен өңіраралық ынтымақтастық форумында қазақ тілінде сөйлеуіне қатысты пікір білдірді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев Путин
"Путин бұған дейін ТМД елдеріне барған кезде мұндай жағдайға тап болған жоқ.  Көшбасшылар оған әрдайым тек орыс тілінде сөйлейтін, бұл дәстүр бұзылмайтындай, басқаша болуы мүмкін емес сияқты көрінетін... Дегенмен, бұл посткеңестік хаттама  бұзылды: кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің Астанаға сапарын қорытындылай келе, екі делегация мен баспасөздің қатысуымен өткен жиында жұртшылыққа алдымен қазақ тілінде жүгінді", - деп жазды Дубнов.

Ол Тоқаевтың қазақ тілінде сөйлеуі ресейліктерді таң қалдырғанына назар аударды.

"Путиннің және оның делегациясының мүшелерін "қазақша сөйлеу” қаншалықты таңқалдырғанын түсіну үшін видеоны қарап шығу керек, олар үстел үстінде және орындықтың артындағы құлаққаптарды іздеуге асықты. Құлаққаптар алдын ала дайындалып қойған... Тоқаев оларды алдымен аударма арқылы сөйлеген сөздерін тыңдауға мәжбүр етті. Бұл асыра бағалау қиын әрекет болды. ТМД-да Орыс тілін оқыту ұйымын құруға бастамашы болған Қазақстан Президенті Қазақстанның дербес тіл саясатын жүргізуге ниетті екенін бірден түсіндірді, орыс тіліне - құрмет пен сый көрсетіледі, бірақ ең басты мақсат - қазақтардың ұлттық тілін дамыту болып қала береді. Бұған Тоқаевтың МГИМО түлегі екені де кедергі келтірмейді. Путин бірнеше рет Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің адам екенін есіне алып, атап өткен еді. Айтпақшы, бұл жолы да Путин әріптесінің әкесінің атын айта алмады. Сонымен, біздің Тоқаев - ең алдымен, қазақ. Кремль бұған үйренуі керек", - деп түйіндеді Дубнов.

Талқылау