Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық іздеуде болған қазақстандық алаяқ Молдовада ұсталды

Бас прокуратура, қаржы мониторингі агенттігі және сыртқы істер министрлігінің бірлесе отырып, Молдова республикасынан қылмыстық жауапқа тарту үшін азаматшаны экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге баю мақсатында жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтық жасаған. 

Қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәмілер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету бойынша әрекеттерді жүзеге асырған.

“Қылмыстық топтың салық төлемеу түріндегі заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1,4 миллиард теңгеге жуық сомада залал келтірілген. Бұл қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі ұзақ мерзімге сотталған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл мамыр айында ол Молдова Республикасының аумағында ұсталды”, – деп хабарлады прокуратура.



Бас прокуратурасының сұраныс хаты бойынша Молдова тарапынан күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазір ол Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. Күдіктіге тағылған қылмысты жасағаны үшiн мүлкi тәркiленiп, 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін бас прокуратура мен интерпол қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб әмірліктерінен алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін қылмыстық жауапқа тарту үшін күдіктіні экстрадицияланғанын жаздық. Ол 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан “Роллс-Ройс” маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 миллион теңгеден аса ақшасын алып, кейін қашып кеткен.

Талқылау