Грузиядағы қазақстандық арудың өліміне күдікті оқиғаның мән-жайын айтып берді
Грузия бұқаралық ақпарат құралдарында Грузияда көз жұмған Асель Айтпаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған Бесик Тордуадан тергеу барысында алынған жауаптың көшірмесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Эхо Кавказа басылымына сілтеме жасап.
Асель Айтпаева қайтыс болғаннан кейін 20 сағат өткен кезде жүргізілген жауап алу кезінде Бесик Тордуаның айтқан сөздері белгілі болды.
"Жауап алу кезінде Тордуа сәуірдің басында қазақстандық серіктестерімен бірге" Қазтрансавто" компаниясын құрғанын айтады. Әсел, күйеу баласы Мұрат Мейірбековтың шақыруымен 27 сәуірде Грузияға келіп, соның үйіне қоныстанады. 30 сәуірде Тордуа тергеушілерге қыз оған күйеу баласы оны екі рет зорлағанын мойындағанын, содан кейін Тордуа қызды өз үйіне шақырғанын айтады. Туысынан зәбір көрген Әсел бірнеше күн бойы бөлмесіне шықпай қойған. 4 мамырда Тордуа олардың арасында өзара келісім бойынша жыныстық қатынас болғанын айтады. Жуынатын бөлмеден шыққан кезде Асель пәтерде болмаған", - деп жазады басылым.
Бесик Тордуаның өзінен алынған жауаптың көшірмесі жарияланған.
"Мен не болғанын түсінбегендіктен қатты қорқып кеттім. Дереу балконға жүгіріп барып, төмен қарасам, Әселдің денесі жерде жатыр. Ол байқаусызда құлап түсті ме, секіріп кеттіме білмеймін. Бұған қатысты ешнәрсе айта алмаймын. Мен киініп үлгердім. Бәрі бірнеше секундта болды. Әселмен жыныстық қатынасқа түскендіктен, бұл жағдайда күдіктіге айналатынымды түсіндім. Сонда да төмен түсіп көрдім, тірі шығар деп ойладым. Асельдің денесі жатқан жер биік қоршаудың артында еді, сондықтан оның жанына бара алмадым. Тек қақпаның артынан тірі ме емес пе деп тыңдап көрдім. Ол жерде екі минутқа жуық уақыт тұрдым. Бірақ Әселдің дауысы шықпады", - депті күдікті.
Осыдан кейін, Тордуаның айтуынша, ол үйіне оралып, заттарын жинап, Зугдиди қаласына кетуге шешім қабылдаған. Ол қызды қорқытпадым, қорламадым, физикалық күш қолданбадым деп отыр.
Айта кетейік, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті. Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерді, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады.
Қылмысқа күдікті Бесик Тордуа ұсталды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Анасы қыздың денесін Грузиядан Қазақстанға алып келді.