Грузияда мерт болған қазақстандық қыздың денесін елге алып келді
Грузияда белгісіз жағдайда қайтыс болған Қазақстандық Әсел Айтпаеваның мәйіті сәрсенбіде Нұр-Сұлтан әуежайына ұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Хабар 24" телеарнасының ақпараты бойынша, әуежайда қыздың денесі туған-туыстарына берілді. Әсел Айтбаеваны жерлеу рәсімі 12 мамырда Қазақстан астанасының жанындағы Қабанбай батыр кентінде өтеді.
26 жастағы Айтпаева машиналарды алып-сатумен айналысатын компанияда жұмыс істеу үшін Грузияға кеткен.
Қазақстандық қыздың мәйіті 5 мамырда Тбилисиде тұрған үйден табылды. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі тоғызыншы қабаттың терезесінен құлау нәтижесінде деп хабарланды. Грузия полициясы қылмыстық іс қозғады.
Зорлау және өзін-өзі өлтіру айыптары бойынша Тбилиси тұрғыны ұсталды. Қайтыс болған қыздың анасы Айсұлу Айтпаева қызының суицид жасағанына сенбейді, оны терезеден лақтырып жібергенін айтады.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"