Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузиядағы қазақ қызының өлімі: Күдікті алқабилер сотынан бас тартты

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі бойынша қамауға алынған жалғыз күдікті алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы алдын ала сот тыңдалымына дайындықта айтылды. Марқұмның туысқаны болып келетін Мұрат Мейірбеков қорғаушысымен бірге сот отырысының қарапайым форматын таңдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Әсел Айтпаева

"Алқабилерсіз кінәсіз екенімді дәлелдеу оңай. Ол бүгін талқыланды. Менің клиентімнің сұрауы бойынша таңдалды. Оны мәжбүрлеуге қақым жоқ", – деді Мұрат Мейірбековтің адвокаты Шыназбек Маханов. 

Сот отырысы БАҚ өкілдерінсіз өтеді. Алайда Әсел Айтбаеваның ата-анасы мен олардың қорғаушысы процестің ашық өткізілуін талап етіпті. Сот залына журналистермен бірге марқұмның әкесі де кіргізілген жоқ. Өйткені іске куәгер ретінде шақырылған адам заң бойынша сотқа қатыса алмайды. Алдын ала сот тыңдалымы аяқталғанша Алтай Айтбаев әйелі мен адвокатын дәлізде күтумен жүрді. 

Марқұм Әселдің өліміне қатысы бар жалғыз күдіктінің мүддесін оның адвокаты мен қоғамдық қорғаушы ретінде ағасы қорғамақ. Мұрат Мейірбеков адам саудасы және адам зорлау ісімен бір жылдан бері қамауда отыр. Әселдің Грузиядағы көлік сататын салонда жұмыс істеуіне ол түрткі болған. Бір апта өткен соң қыздың денесі Тбилисидегі көпқабатты үйдің терезесінің астынан табылады. 



Грузия полициясы Әселді зорлады, өзін-өзі өлтіруге мәжбүрледі деген күдікпен 56 жастағы Бесик Тордуаны ұстайды. Айтбаевтар отбасы Мейірбеков осы грузин азаматына қызын сатты деген ойда. Бесик ұсталғаннан кейін бірнеше айдан соң түрмеде инфарктен қайтыс болды. Қайғыдан қан жұтқан әкесі мен анасы сот отырысына онлайн болса да Тбилисидегі тергеушілер қатысса дейді.

"Әкесі ретінде сот залына кіргізуі керек еді. Ол менің қызымның абыройы емес пе? Не айтылып жатқанын біліп отырғаным дұрыс деп ойлаймын", – деді Әсел Айтбаеваның әкесі Алтай Айтбаев. 

"Сот отырысына ол тек куәгер ретінде тыңдалғаннан кейін қатыстырылады. Заң солай. Жабық сот отырысы. Өйткені бұл жерде жыныстық қол сұғылмаушылық туралы талқыланып жатыр", – деп мәлімдеді адвокат Саида Сүлейменова. 

Талқылау