Головкиннің бапкері боксшының алдағы жекпе-жекте қарсыласы кім болатынын айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшының алдағы жоспарлары туралы айтты.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Біз алдағы 3 аптаның ішінде командамызбен жиналып, барлық нұсқаларды талқылаймыз. Егер «Канело» болмаса, үстелге кім келетініне қарайтын боламыз. Бірақ Головикннің қарсыластары көп ақша сұрайды. Сондықтан кейде бұл мүмкін емес. Сондерс Джейкобспен жекпе-жекке шыққаны үшін 7 миллион доллар алғысы келетінін айтқанда, Головкинмен жекпе-жек үшін қанша ақша сұрайтындарын елестетіп көріңізші. Оның үстіне боксшылардың бірден 4 белбеуге ие болуға мүмкіндігі бар. Егер бұл жекпе-жек «Канеломен» болмаса, өз басым жекпе-жектің Муратамен болғанын қалар едім. Бұл ең жақсы нұсқа. Себебі бұл Жапония үшін өте беделді болады», – дейді Абель Санчес.
Айта кетсек, жапониялық боксшы Риота Мурата (14-1, 11 КО) – WBA нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесінде «тұрақты» әлем чемпионы. Бұған дейін Мурата да Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтқан еді.
Оқи отырыңыз:
Головкиннің бапкері WBC-нің арнайы белбеуіне ие болды
Теңдессіз әрі жеңіліп көрмеген: Арыстанбек Мұхамедиұлы боксшы Головкинді жеңісімен құттықтады
Пойыз қағып өткендей болды: Головкиннен жеңілген Мартиросян оның соққысының күшіне қайран қалды
Головкиннің рингке шыға салысымен қарсыласын нокаутқа жіберген видеосы пайда болды (видео)
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін