Голливуд актрисасы 106 жасқа келіп қайтыс болды
Голливудта жұмыс істейтін ең кәрі америкалық актриса Конни Сойер 106 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

TMZ порталының жазуынша, Сойер Лос-Анджелестегі өз үйінде көз жұмған. Актриса 1912 жылы Румыниядан шыққан еврей мигрантының отбасында дүниеге келген. 1912 жылы Сойер Фрэнк Синатра және Эдвард Г. Робинсонмен бірге Фрэнк Капрдың “Дыра в голове” (A Hole in the Head, 1959) комедиялық фильміне түскен.
Актриса 2012 жылы 99 жасқа толған шағында америкалық Кинемотографиялық өнер және ғылым академиясының ең кәрі мүшелерінің бірі атанды. Сойердің кинодағы соңғы жұмысы телевизиялық “Рэй Донован” ( Ray Donovan, 2013) драмасындағы мисс Салливанның рөлі болды.
Оқи отырыңыз:
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"