Гидроциклмен баланы басып кеткен: Алакөлдегі оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады
Алматы облысының полиция департаменті Алакөл көлінде гидроцикл қағып кеткен сегіз жасар баланың оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 359-бабы бойынша басқаруға құқығы жоқ адамның әуе кемесін, теңіз немесе өзен көлігін басқаруға рұқсат беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Оқиғаның барлық себептері мен жағдайларын тергеу бөлімдерінің қызметкерлері анықтайды. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екендігі айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 22 тамызда Алакөл көліндегі пансионаттардың бірінің аумағында болған. Гидроциклды айдап жүрген қыз техниканы басқара алмай сегіз жасар баланы қағып кеткен.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”