Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлде қыз гидроскутерді басқара алмай үрмелі матраста жүзіп жүрген үш баланы қағып кетті

Алматы облысындағы Алакөл көлінде гидроскутер айдап жүрген қыз техниканы басқара алмай сегіз жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы облысының Алакөл ауданы Ақши ауылында Алакөл көліндегі "Марсель Фэмели Ресорт" пансионатында үрмелі матраста жүзіп жүрген үш жасөспірімді гидроскутерге ие бола алмаған 2000 жылғы қыз бала басып кеткен.

Төтенше оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барды.

"Келген кезде, соқтығысу нәтижесінде 2012 жылы туған сегіз жасар баланың басынан бірнеше түрлі жарақаттар алғандығы анықталды. Ол Үшарал қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қалған балалар зардап шеккен жоқ. Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Скутермен жүргенде шомылып жүрген адамдардан алыс, қауіпсіз жерде жүру қажет, өйткені кез келген абайсыздық апатқа әкелуі мүмкін", - деді ведомствода.

Жарақаттанған баланы реанимациялық көлікте тасымалдауға болмайды, себебі жол нашар. 

Қазір ата-ана баласын санавиация арқылы Талдықорған немесе Алматыға жеткізуге көмектесуді сұрап отыр.

"Әлібек нейрохирург жоқ шағын облыстық ауруханада көптеген бас жарақаттарымен жатыр. Оның тек тыртығын өңдеп, байлап қойды, ауырсынуды басатын дәріні салды. Алғашқы күндері ол белсенді болды, бізбен сөйлесе алды, жақсы тамақтанды. Қазір ол іс жүзінде сөйлемейді, әлсіз. Қалада жалғыз дәрігер, мамандар аз. Нейрохирург мүлдем жоқ. Таңқаларлығы: тергеуші де жоқ. Немесе бар ма? Қалай болғанда да ол бізбен байланыспады. Прокуратураға қоңырау шалу да нәтиже бермейді", - деді зардеп шеккен баланың анасы Ботагөз Зейнишева.

Талқылау