Германияда нөсердің арты су тасқынына ұласты
Қатты жаңбыр Германияның оңтүстігінде және Италияның солтүстігінде су тасқынын тудырды. Италияда үш адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Euronews
Оңтүстік Германияның кейбір аймақтарында су тасқыны туралы ескерту жарияланды, судың көтерілуінің ең жоғары деңгейі Батыс Швабияда, Жоғарғы Аллгойда және жоғарғы Баварияда байқалады.
Аугсбургте қатты жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алдағы сағаттарда су деңгейі күрт көтеріледі деп болжанып отыр.
Боден көлінің ауданында су тасқыны қаупі бар. Меккенбойренде, Баден-Вюртембергте 1300-ге жуық адамға эвакуациялау ұсынылды.
Италияда жергілікті БАҚ жұма күні елдің солтүстік-шығысындағы Натисоне өзенінің тасқыны салдарынан үш адам жоғалып кетті деп хабарлайды.
Оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 16 сәуірде толассыз жауған жаңбыр мен дауылдың салдарынан Дубайды су басқанын жаздық. Khaleej Times басылымының мәліметінше, ауа райына байланысты қаладағы метро қатынасы үзілген. Абу-Даби мен Дубайда көптеген ғимараттар мен аудандарда электр қуаты мен су үзілген.