Жауыннан кейін Дубайды су басты (видео)
Толассыз жауған жаңбыр мен дауылдың салдарынан Дубайды су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласындағы су тасқынының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Khaleej Times басылымының мәліметінше, ауа райына байланысты қаладағы метро қатынасы үзілген. Абу-Даби мен Дубайда көптеген ғимараттар мен аудандарда электр қуаты мен су үзілген.
Тұрақсыз ауа райы жағдайында Дубай билігі мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушыларының қашықтан жұмыс істеу және оқу мерзімін ұзартты.
Билік жеке компанияларды қызметкерлерін үйден жұмыс істетуге және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.
Қала әуежайындағы рейстер тоқтатылып, кейінге шегерілген. Кейбір рейстер басқа әуежайларға жіберілді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан