Германия министрі Трампты Иранмен арадағы "жауапсыз" соғысты тоқтатуға шақырды
Германияның қаржы министрі Ларс Клингбайль АҚШ президенті Дональд Трампты Иранға қарсы "жауапсыз" соғысты тоқтатуға шақырды. Ол бұл өтінішті келесі аптада АҚШ-та болатын G20 саммитінің қарсаңында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Европейская правда” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ларс Клингбайльдің айтуынша, оның Иранмен соғыс туралы мәлімдемесі – әсіресе, “АҚШ үшін де ең маңызды үндеу". Ол сондай-ақ жанармай бағасының қымбаттауына АҚШ президенті жауапты екенін айтты.
"Кінә Дональд Трампта және оның Иранда бастаған жауапсыз соғысында. Бұл салдар – жанармай бекеттеріндегі тапшылық", — деді Германия қаржы министрі.
Министр сондай-ақ мұнай компаниялары осындай геосаяси жағдайдың арқасында ақша тауып жатқанын ескертіп, еуропалық деңгейде мұнай компанияларының кенеліп жатқан пайдасына салық енгізуге шақырды.
Бұған дейін АҚШ Иранға бұрын-соңды болмаған санкциялар салатыны туралы мәлімдеген еді. Иранды соғыспен емес, экономикасын тұншықтыру арқылы тізе бүктіруге ниетті. Вашингтон Тегеранға қысымды бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізбек.
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, бұл жоспар жүзеге асса, Иранға қарсы ірі әскери операция жүргізудің қажеті болмауы мүмкін.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
