Парсы шығанағындағы араб елдерінде Трампқа деген наразылық күшейіп жатыр – БАҚ
Ақ үй Иранмен арадағы қақтығысты реттей алмай отырғандықтан Парсы шығанағындағы елдердің АҚШ-қа деген наразылықғы күшейіп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі араб және батыс елдерінің шенеуніктерінің дерегін негізге алған The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Парсы шығанағындағы АҚШ одақтастары – Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Кувейт және Бахрейнде президент Дональд Трамптың Иранмен бейбіт келісімге келуіне қатысты наразылық күшейіп келеді.
Бұл елдердің кейбірі өз аумағында АҚШ-тың ірі әскери базаларын бұдан әрі орналастырудың қаншалықты қажет екенін ойлана бастаған. АҚШ-тың мұндай әскери базалары Катар мен Бахрейнде бар.
"Бұл соғысты Трамп бастады, ал оның зардабын біз тартып отырмыз", – деді Парсы шығанағындағы ел өкілдерінің бірі.
Оның айтуынша, Вашингтонның әрекетіне қатысты наразылық Иранмен соғыс басталғаннан бері ең жоғары деңгейге жеткен.
Еуропалық жоғары лауазымды шенеуніктердің бірі Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан арасында жасалған бірлескен қорғаныс туралы келісімді мысалға келтірді. Оның пікірінше, бұл келісім АҚШ-қа берілген "белгі" болды. Шенеуніктің айтуынша, бұл үш ықпалды сунниттік мемлекет қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы серіктестерін әртараптандыруға тырысып жатқанын көрсетеді.
"Олардың пікірінше, тек АҚШ-тың өзі жеткіліксіз", – деп қосты ол.
Ақ үй өкілдері Трамптың Парсы шығанағындағы барлық серіктестерімен "ерекше қарым-қатынасы" бар екенін мәлімдеді.
"АҚШ "Эпикалық қаһар" операциясы басталғанға дейін де, одан кейін де аймақтағы барлық одақтастарымен тұрақты байланыста болды", – деді Ақ үй өкілдері.
Олар сондай-ақ Иранның "бұрын-соңды болмаған деңгейде оқшауланып қалғанын" атап өтті.
Батыс дипломаттарының бірі соғысқа дейін де АҚШ әскерінің аймақта болуына жергілікті елдер "ерекше қуана қоймағанын" айтты.
"Бұған дейін АҚШ әскерінің болуы амалсыздан қабылданатын жағдай еді. Ал қазір олардың аймақта болуы қажет пе деген мәселе туындап отыр", – деді дипломат.
Еуропалық жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша, қақтығыстың алғашқы кезеңінде Абу-Даби мен Эр-Рияд соғысқа қарсы болмаған. Олар Иранды "тез әрі шешуші жеңіс тиімді болуы мүмкін" деп есептеген.
Алайда сәуірде Иран мен АҚШ арасындағы алғашқы келіссөздер қарсаңында жағдай өзгере бастаған. Сол кезде Тегеранның құламайтыны және Ормуз бұғазын ашпайтыны белгілі болған. Соған қарамастан, Парсы шығанағындағы елдердің қазір АҚШ-тан басқа балама одақтасы жоқ, деп атап өтті сұхбаттасушылардың бірі.
Бұған дейін Трамп 3 тамыз күні түстен кейін АҚШ тарапы Иранмен келіссөздер форматында өтетін диалог жүргізетінін айтқан еді. АҚШ 1-2 тамыз күндері Иранның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына ауқымды соққы жасауды жоспарлаған. Алайда Дональд Трамп бұл жоспардан бас тартып, Тегеранмен келіссөз жүргізуге тағы бір мүмкіндік беруді жөн көрген.
Мұндай шешім АҚШ-тың Парсы шығанағындағы мемлекеттермен өткізген консультацияларынан кейін қабылданды.
