Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бернлидің" бас бапкері Сәтпаевты басқа ойыншыларға үлгі етті

Dastan Satpayev
Фото: Burnleyofficial\Instagram

Англиялық "Бернлидің" бас бапкері Ники Хайен Чемпионшиптің үшінші туры аясында өткен "Норвичке" қарсы матчтағы (1:4) қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қонақта өткен кездесу қазақстандық футболшы командасының 1:4 есебімен ойсырай жеңілуімен аяқталды.

Сәтпаев чемпионат аясында тұңғыш рет алаңға негізгі құрамда шығып, алаңда толық 95 минут ойнады.

"Бүгін сіздер Дастанды да көрдіңіздер. 18 жастағы жігіт алаңдағы ең үздік ойыншы болды. Өздеріне сырт көзбен қарап, сұрақ қоюы тиіс басқа да футболшылар бар. Дастан әкелген қуатты энергияны, оның команда үшін қалай күрескенін көрдіңіздер. Дәл осындай ойынды барлығы көрсетуі тиіс. Бірақ, мен айтқандай, бұл – үдеріс және біз адымдап отырып қажет нәтижеге жетеміз”, – деді бас бапкер Ники Хайен.

Ол матчтан кейін команда ойыншыларының көңілі түсіп қалғанын жасырмады. Алайда маусымның осылай басталғанына қарамастан бапкер бұл жағдайды өзгертетініне уәде берді.

Flashscore статистикалық порталы Сәтпаевтың ойынын 7,6 балға бағалады, бұл "Бернли" футболшылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев Англия чемпионатында дебют жасап, командасы жеңіліс тапқан еді. Дастан Сәтпаев 12 нөмірімен “Бернли” сапында алаңға шықты. Ол “Вест Бромвичке” қарсы матчтың 57-минутында алаңға қосылып, ойынды 88% дәл пас көрсеткішімен аяқтады. Алайда оның командасы 3:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 30 Тамыз, 2026 08:20