500 мың теңгелік қуыршақ туралы хабарлама полиция назарына ілікті
Әлеуметтік желіде 500 мың теңге тұратын қуыршақтар сату туралы хабарландыру тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойыншықтың мұншалықты қымбатқа сатылуының астында жаңа туған сәбиді саудаға салу туралы хабарландыру болуы мүмкін деген күдік туды.
Қазақстандықтар алаңдаушылық білдіріп, адам өміріне қауіп төну ықтималдығы болғандықтан Алматы полициясы тексеру жүргізіп, хабарландыру авторын анықтады.
“Ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Сонымен қатар оның адам саудасына, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар екендігі туралы ешқандай дәлел табылмады”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Осылайша, оның бала саудасына қатысы болуы мүмкін деген ақпарат та расталмады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған