"Генералдың немересімін": Алматыда әйел түнде жұмыс істеген жұмысшыларды қорқытқан
Әлеуметтік желіде әйел адамның түнде жұмысты тоқтатуды талап етіп, коммуналдық қызметкерлермен сөзге келіп қалғаны түсірілген бейнежазба тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбада әйел өзін "генералдың немересімін" деп таныстырып, құқық қорғау органдарындағы таныстарына қоңырау шалатынын айтып қорқытады.
Алматы полициясы бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, бейнежазбадағы әйелдің анықталғанын атап өтті.
"Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде "Нұр Алатау" ықшамауданының тұрғыны – 1991 жылы туылған азаматшаны анықталды, оның әрекеті ҚР ҚК 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша сарапталды", – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 16 бала таңғы астан уланып, ауруханаға түсті
Балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған
Қазақстанды дүр сілкіндірген теракт: Жалғыз адам екі сағатта қалай бірнеше адамның өмірін қиды
2011 жылы 12 қарашадағы шабуыл аяқ астынан болмады