AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Генерал Қайрат Дәлбеков орнын босатсын”: Арызы негізсіз қысқартылып кеткен Мөлдір Бекеева жазба жариялады

Соңғы уақытта даулы мәселеге айналған Мөлдір Бекееваға қатысты қозғалған іс негізсіз қысқартылып кеткен болатын. Facebook желісінде Мөлдір генералға арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қадірменді қауым, менің арызым бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековке қарсы қозғалған қылмыстық іс негізсіз қысқартылып кеткенін білесіздер.
Қазір бұл жайт мемлекет басшысының тікелей бақылауына алынды деп маған жедел хат келді”,-деді Бекеева.

Мөлдір сонымен қатар өзіне қол жұмсар алдында жазған хатында Дәлбеков мырзаның жеке құрамнан міндеттеп “шәй-май”-ға ақша жинайтыны туралы айтқан. Оның мәліметінше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де бұл фактіні растаған.

 



“Арман Саданов мырза, Шымкентте Қайрат Дәлбеков келгелі жемқорлық бойынша ұсталып жатқандар тіпті күн санап артып жатқанын көріп-біліп отырсыздар. Сонда да оған қолданар заң жоқ па? Сыбайласқан ескі жүйенің көзі болып қашанғы отырады? Әлде Сіз де сол жеке құрамнан жиналатын “шәй-мәйға” ортақтасып, ішіп-жеп отырсыз ба? Осы сұрағыма елдің алдында ашық жауап беріңізші! 

Президент әкімшілігі мен Президентіміздің кеңесшісі Ернар Беспаев мырза менің Арызымда жазылған әрбір жайт-мәселеге жіті тоқталып, құзырлы органдарға тиісті тапсырмасын береді деп сенім білдіремін!
Әділетті жаңа Қазақстанды құру - өз қолымызда! Оған біз осылай ашық күресу арқылы жете аламыз! Генерал Қайрат Дәлбеков орнын босатсын,-  деді ол.

Еске салсақ Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Мөлдір Бекеева өзіне қатысты даудан кейін суицид жасамақ болған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр