"Гелендваген сыйлады": Әлішер Каримов Назарбаев әулетімен жақсы қарым-қатынаста болғанын жасырмады
Танымал әнші Әлішер Каримов сахнаға шығуына ықпал еткен Назарбаев әулеті екенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/alisher_k/
Өнер иесі Асхат Садырбайдың Media youtube-арнасына берген сұхбатында өнерде жүріп алған сыйлықтарын да айтып берді.
“Елге белгілі отбасылармен араласты деген әңгіме рас. Бірнеше концертімнің құрметті қонағы болып Раиса Құлыбаева апамыз келді. Ол кісі менің шығармашылығымды жоғары бағалап, мақтауын асырып жүрді. Оны айналасындағылардың бәрі білді. Тіпті бір жаққа барса да, "Әлішерді шақырдыңдар ма?" деп сұрайтын болған. Кезінде солай қолдау көрсеткенін айтпай кеткенім болмас. Бірақ ақша беріп, концертіме қолдау білдірген емес. Берген күннің өзінде мен оны алмас едім. Бірде "ақша берейін десем, Әлішер, сенің барлық қалтаң тігілген" деп әзілдеген еді. Себебі сахнаға киетін костюмдерімде қалта болмайтын", – деп күлді әнші.
Сондай-ақ, жиырма жыл сахнада жүргенде алған ең бағалы сыйлықтарын да атап өтті.
“Мынау маған мынадай берді деп мақтанғанды ұнатпаймын. Бірақ қымбат дүниелерге ие болғаным рас. Пәтер ғана алмадым. Олардың ішінде гелендваген көлігін сыйға тартқандар да болды. Кім бергенін айта алмаймын. Ең қомақты сыйлық болды мен үшін”, – дейді өнер иесі.
Айта кетейік, әнші ашық киінетін қыздарды ұнатпайтынын айтқан еді.