"Ғажапсың, Димаш": Алматылық экскаваторшы Украинаның "Голос" шоуында барлық тәлімгерлерді тәнті етті
27 жастағы Димаш Дәулетов Украинаның "Голос" шоуына қатысып, төрт тәлімгерді өзіне қаратты. Ол көрмей тыңдау кезеңінде Уитни Хьюстонның әйгілі I Hove Nothing композициясын орындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматылық Димаш өзін таныстыру барысында 6 жасынан бастап ән айтатынын жеткізді. Алайда ата-анасының қалауымен ол "экскаватор-бульдозер машинисі" мамандығы бойынша колледжде білім алған. Оқуды бітірген соң, 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс істеген.
"Бірақ ән айтуды тоқтатпадым", – деп түсіндірді ол.
Өнер көрсетпес бұрын Димаш "тым болмағанда бір тәлімгер бұрылса екен" деген тілегін жеткізді. Өнерпаздың арманы артығымен орындалып, оған 4 бірдей тәлімгер қарады.
"Тым болмағанда бір тәлімгер бұрылса екен деп дұға еттім. Күтпедім", – деген Димаш ақырында Ольга Полякованы таңдады.
"Ғажапсың, кереметсің, таланттысың. Сен алысқа барасың", - деп Димаштың өнерін жоғары бағалады өзге тәлімгерлер.
Айта кетейік, бұған дейін Ерназар Жұбанның да аталған шоуға қатысып, продюсер Потаптың командасына қосылғанын жазған едік.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
