Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саналы адам мұндайға қатыспайды": Жоланова вайнерлердің қаржылық пирамиданы жарнамалауына қатысты

Гүлназ Жоланова блогерлердің қаржылық пирамиданы жарнамалауына қатысты пікір білдірді. Актрисаның айтуынша, саналы адам мұндай қадамға бармайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Адамдардың әлі күнге дейін осыған (авт. – қаржылық пирамидаға) сенетінін түсіне алмаймын. Пирамиданың лохотрон екенін тәжірибе көрсетті. Оның жауапкершілігін құрған адамдар арқаламайды, себебі барлығы ашылғанда, олар елде болмайды. Есесіне насихаттаған адамдар жауап береді. Адамдардың блогерлер мен әртістерді, олардың отбасыларын қарғаған сәттерін білемін. Сондықтан саналы адам мұндайға қатыспайды", –  деді актриса.

Айта кетейік, бұған дейін үш вайнер қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген еді. Бұған қатысты пікір білдірген Мейіржан Төребаев өзінің кінәсі жоқ екенін және пирамидадан жапа шеккенін мәлімдеген. Сондай-ақ, қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Ал Мейіржан Төребаев елде болып жатқан оқиғалардан халықтың назарын бұру үшін вайнерлерге қарсы қасақана ақпараттық буллинг жасалып жатқанын мәлімдеді.

Талқылау