AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықтың назарын бұру үшін": Төребаев ақпараттық буллинг жасалғанын мәлімдеді 

Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Мейіржан Төребаев тың мәлімдеме жасады. Айтуынша, елде болып жатқан оқиғалардан халықтың назарын бұру үшін вайнерлерге қарсы қасақана ақпараттық буллинг жасалуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Сіздер Жаңаөзендегі, Талдықорғандағы оқиғаларды елемей, назарларыңызды бізге бұру үшін бұл ақпаратты Instagram-ға әдейі салған сияқты. Жаңаөзенде қайта митинг болып жатыр. Талдықорғанда полиция департаментінде адамдар азап көріп, өліп жатыр. Үш жігіт өліп кетті. Жайдан-жай тергеу изоляторында өлтіріп жатыр. Сол шығып кетпес үшін бізді мың реттен салып жатыр. Демек бұл біреуге керек", - деді Төребаев.

Вайнер өзі де алданып қалғанын, ұйымның қаржылық пирамида екенін білмегенін атап өтті. 

"Егер де мұның қаржылық пирамида екенін білсем, өзім қомақты қаржы салар ма едім? Логикаға сай келмейді ғой", - деді ол. 

Ол осы іспен айналысқан тергеуші Мукаманов Т.М.-нің өзін жәбірленуші деп таныған қаулысын жария етті. Құжатқа 2021 жылдың 1 шілдесінде қол қойылған.



Мейіржанның айтуынша, пирамиданы жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың өзі әбестік. - Ондай жағдайда зорлық сахналарына түскен барлық актерлерді отырғызу керек, - деп мәлімдеді ол. 

Төребаев қаржылық пирамиданы жарнамалау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен қудаланатынын атап өтті.  

Айта кетейік, бұған дейін үш вайнер қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген еді. Бұған қатысты пікір білдірген Мейіржан Төребаев өзінің кінәсі жоқ екенін және пирамидадан жапа шеккенін мәлімдеген. Сондай-ақ, қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр