Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отырудың қауіпті екенін анықтады

Теледидар алдында ұзақ отыру көктамырда қан ұю қаупін арттырады екен. Тіпті бұл үнемі дене шынықтырумен айналысатын ересектерге де қатысты, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

АҚШ-тың Миннесот университетінің ғалымдары теледидар алдында ұзақ отыру көктамырда қан ұюына алып келетінін анықтады.

Дәрігерлер 45-64 жас аралығындағы15 мың американдықтың денсаулығын 24 жыл бойы бақылап, өмір салты туралы сауалнама жүргізіп тұрған.

Аталған уақыт ішінде 691 адамда тамырда қан ұю жағдайы кездесіпті.

Сондай-ақ, теледидар алдында ұзақ уақыт өткізген адамдарда көктамырда қан ұюы 1,7 есе жиі кездескен.

«Бұл көрсеткіш, тіпті, дене шынықтырумен айланыстан адамдардың да ұзақ уақыт отырғанда денсаулығына зиян келетінін көрсетті. Мысалы, адамдар теледидар көргенде ұзақ уақыт отырады», – дейді зерттеу авторларының бірі Ясухико Кубота.

Оқи отырыңыз:

Астанада қоғамшылдар туберкулезге шалдыққан науқастарды іздейтін болды

Елімізде бала туу жасындағы әйелдер скринингтен өтуі керек

Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан жас мұғалім осы уақытқа дейін балаларға сабақ беріп келген

СҚО-да үш баласын жалғыз асырап отырған ер азамат құлағалы тұрған үйді паналап отыр

Талқылау