Ғалымдар жерде жойқын құрғақшылық болатынын айтты
Алдағы жылдары табиғатта су айналымының бұзылуынан туындаған жойқын құрғақшылық жерді құртып жіберуі мүмкін. Бұл климаттың өзгеруіне байланысты болмақ. Бұл туралы ғалым Питер Глейк айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Сарапшы климат неғұрлым жылыған сайын, соғұрлым су қажет екенін айтады.
"Біздің резервуарларымыздағы сұйықтық тез буланып кетеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін де көбірек су қажет", — деп түсіндірді ғалым.
Глейк климаттың өзгеруі туралы болжамдардың орындалып, адамның табиғатқа әсері артып келе жатқанын айтты. Ол сонымен бірге алдағы апат туралы ескерткен экологтердің сөзін саясаткерлердің елемегенін еске салды. Егер қажетті шаралар алдын ала қабылданатын болса, салдары да жеңіл болар еді дейді ғалым.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды