Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Жердегі тіршілік иелерінің қырылуы басталғанын мәлімдеді

Маноадағы Гавай университеті мен Париждегі Ұлттық мұражай биологтары Жер бетіндегі тіршілік иелерінің жаңа жаппай қырылуы басталғанына дәлелдер келтірді. Ғалымдар зерттеу нәтижесін Biological Reviews журналында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жер

Ғалымдардың пікірінше, Жердегі алтыншы жаппай қырылу табиғи катаклизмдерден емес, адамдардың іс-әрекетінен болған. Әзірге ол жойылуы мүмкін жеке топтарға ғана әсер етіп отыр. 

Сирек кездесетін және жойылуы мүмкін тірі ағзалар тізіміне омыртқасыздардың аз бөлігі енгізілген. Мұндай ағзалардың жойылу жылдамдығы салыстырмалы түрде жоғары.

Зерттеушілер мәліметі бойынша, XVI ғасырдан бері ұлулардың 2 000 000 түрінің 7,5-13% жойылып кеткен. Бұл шамамен 150-260 мың түр. Алайда Қызыл кітапқа тек 886 түр енгізілген. Бұлардың ішінде құрлықтық түрлерге қарағанда, аралдық түрлер көп зардап шеккен. 

Жұмыс авторлары жаңа қырылу табиғи жолмен болды деген тұжырыммен келіспейді. Қазіргі уақытта адамдар әрекеті Жер биосферасына әсер етіп етіп отырған негізгі күш болып отыр. Сонымен қатар мамандар дағдарыс алдында археологиялық әдістерді пайдалана отырып, жойылу мүмкін түрлер жайлы ақпарат жинау керегін айтты. 


Талқылау