Ғалымдар жүрек ауруын тудыратын факторды атады
Америкалық жүрек, қан-тамырлар қауымдастығының ғалымдары жүрек ауруларының пайда болуының басты себебі ағзада натрийдің көп, ал каллийдің аз болуына тікелей байланысты екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер орташа жасы 50-дегі ерлер мен әйелдерден құралған он мың адамның зәріне сараптама жүргізеді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, жүрек ауруларының басты себебі 571 адамның ағзасындағы натрийдің жоғарғы көрсеткіші мен калий мөлшерінің төмендігі екенін анықтаған.
“Күнделікті тұтынатын тағамдарда тұз мөлшерін көп пайдалану зиян. Ащы тағамдар жүрек ауруының пайда болу қаупін 18 пайызға арттырады”, – деді осы тәжірибеге қатысқан Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми қызметкері Юань Ма.
Мамандар енді натрийдің күнделікті дозасын анықтап отыру үшін тұздардың мөлшерін нақты көрсететін сараптама жасауды жоспарлап отыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы