Ғалымдар ағзаның ракқа қарсы төтеп бере алатын қасиетін ашты
Швейцарияның Базель университетінің ғалымдары ағзадағы иммундық жүйені қатерлі ісік ауруымен күресуді үйретуге болатындығын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жануарларға жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде мамандар денедегі белгілі бір антиденелердің жұмысын екінші антиденелердің көмегі арқылы күшейтуге болатынын ашқан көрінеді. Дегенмен зерттеуге қатысқан жануарлардың тек 20 пайызында ғана ілгерінді құбылыстар байқалған.
Зерттеушілердің пайымдауынша, CD40 антиденелері Т-лимфоциттерін синтездей алады екен. Өз кезегінде бұл лимфоциттер ағзадағы обыр дертінің жасушаларына төтеп береді. Т-лимфоциттері немесе Т-киллерлердің жұмысын басқа антиденелермен күшейту арқылы олардың қатерлі ісік жасушаларына ішіне оңай енуіне жол ашылатын көрінеді. Бұл тәжірибенің нәтижесінде жануарлардың денесіндегі ішек қуысы, сүт безі және терінің ракқа шалдыққан жасушаларын азайтуға мүмкіндік табылыпты.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге