Ғалымдар коронавирус кезіндегі ең қауіпті ауруларды атады
Коронавирус жұқтырғандардың 50 пайыздан астамы бір немесе бірнеше созылмалы аурулардан зардап шегеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай науқастардың өлімі қалыпты жағдайдан 40 пайызға жоғары. Бұл туралы ISARIC сарапшылар тобының есебінде көрсетілген.
Еуропадағы ең ірі зерттеу мәліметтеріне сәйкес, деменциямен ауыратын адамдардың өлімі орташадан 39 пайызға жоғары. Сондай-ақ семіздікпен (37 пайызға) және жүрек ауруларымен (31 пайызға) ауыратын науқастардың жұқтыру жағдайлары өліммен аяқталады.
Мамандардың мәліметінше, диабет, демікпе және бүйрек ауруы сияқты аурулар жұқтыру мен өлім-жітімге әсер етеді.
Сонымен қатар, коронавирус жұқтырғандардың шамамен10 пайызы - белсенді темекі шегушілер. Алайда халық арасында темекі шегетіндердің үлесі пайыздық қатынаста бұл көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді